Listen to a podcast, please open Podcast Republic app. Available on Google Play Store and Apple App Store.
Сәлем, достар! Менің есімім Арайлым, 2 жылдай кино саласында жұмыс жасадым. Ішкі атмосферамен таныстым, арман мен мақсаттар қалыптасты. Бірнеше отандық сериалдар мен фильмдерде жұмыс жасай отырып, барынша тәжірибе мен жаңа білім, іскерлік қарым-қатынас құра алу секілді қабілеттерді шыңдадым. Бұның барлығы 2019 жылдан бастау алған армандар еді. Қазіргі уақытта осы жолды ары қарай жетілдіру мақсатында жұмыс істеудемін.
Бұл подкаст атауы “Qazaq Screen” , яғни “қазақ экраны” деген мағынаны білдіреді. Қазіргі таңда қазақ кино индустриясында нендей жаңалықтар болып жатыр, қандай туындылар жарыққа шығуда деген сұрақтармен бөлек жалпы бұл салаға қатысты ойлар жарияланатын болады. Сондай-ақ бұл тек соло-подкаст болып қалмай, осы салада қызмет етіп жүрген арнайы қонақтарымызбен де сұқбат міндетті түрде болады.
P.S. Ескерте кететін дүние автордың бұл салада кәсіби білімі жоқ, сол себепті қандай да сұрақтар мен пікірлер болса @arayinspires инстаграм парақшасына жаза аласыздар.
| Episode | Date |
|---|---|
|
#3 episode: Отандық өнімді қолдау қажет пе?
|
Dec 19, 2024 |
|
#2 episode: “Похищение невесты” - қыз алып қашу туралы фильм емес
|
Oct 17, 2024 |
|
#1 episode: Қазақ киноиндустриясындағы “қолдау” жайында
|
Oct 11, 2024 |